Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы 2021 жылғы 4 тамызда сағат 11.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (1 қабат М. Горький көшесі, 40) өтеді.
Тіркеу сағат 10.00-ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы туралы.

Жанат Жұмағазықызы Мекеева - Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.

Раушан Қапасқызы Нұрмұханова - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

4. Әртүрлі мәселелер.

 

Тұрақты комиссиялардың отырыстары облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40) өтеді.

2021 жылғы 3 тамызда сағат 11.00-де:

- агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия- 232 кабинет;

- әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия-229 кабинет;

2021 жылғы 3 тамызда сағат 14.30-да:

- депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия- 229 кабинет;

- бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия- 232 кабинет.

Барлық тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы 2021 жылғы 3 тамызда сағат 16.00-де 1 қабатта, облыс әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.