Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Сіздерді еліміздің мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен құттықтаймыз!

Астанамыз – қазақстандықтардың мақтанышы, ел тәуелсіздігі мен егемендігінің, жас мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық өркендеуінің нышаны. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.

Осы қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты