Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 11.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі Төралқасын сайлау туралы.

2. Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссияларын құру туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.

4. Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

5. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:

1) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 392 «Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулы жобасы;

2) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 392 «Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулы жобасы.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 87718516274

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/documents

http://www.maslihatvko.gov.kz