Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 ЖЫЛҒЫ 29 МАУСЫМДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС VІ СЕССИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Сессияға 38 депутаттың 25-сі қатысып, бұл 65,8 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, БАҚ қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.
Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі.

Сессияда мына мәселелер қаралды:

1. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 22/363-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында 120 орындық Тополек балабақшасын қайта құру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының төрағасы туралы.

Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен Ұлы Отан соғысына қатысушы, ҰҚК ардагері Әбдіғали Қаймолдинге «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылғы 30 маусымда Абыралы ауданының Ұзынбұлақ ауылында туған. Сталинград, Харьков, Кенигсберг түбіндегі белсенді әскери ұрыстарға қатысқан. Әскери наградалармен – Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік қызметі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен, көптеген мерекелік және еңбектегі медальдармен марапатталған.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.