Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы 2021 жылғы 29 маусымда сағат 12.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (1 қабат М. Горький көшесі, 40) өтеді.
Тіркеу сағат 11.00-ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 22/363-ІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Әртүрлі мәселелер.