Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 жылғы 4 маусым күні сағат 15-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІ сессиясы өтті

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

«Ұлан аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желттоқсандағы № 144 «1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін анықтау үшін арнаулы аудандық комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

2.«Ұлан аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 ақпандағы № 23 «Арнайы комиссияны құру, әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Кайролдинов баяндады.

3.«Ұлан аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 372 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 

4.«Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 17 «Ұлан аудандық жер комиссиясының құрамын және Ережесін бекіту туралы» өзгеріс енгізу туралы», аудандық мәслихат хатшысы Г. Калиева таныстырды.

5.«Ұлан ауданы Айыртау ауылының көшелерін қайта атау туралы» және 6.«Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің көшесін қайта атау туралы», аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Әлібеков баяндады.

Күн тәртібінің басқа сұрақтарымен, «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 267 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

«Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы»;

«Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы», аудандық мәслихат хатшысы Г. Калиева таныстырды.

Сұрақ шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс сессияға 10 депутат қатыстып, ол 83 пайызды құрады.

Сессия жұмысына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы А.Ж. Қайролдинов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Әлібеков қатысты.