Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 жылғы 21 қаңтарда жетінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясы болып өтті

Сессияға 38 депутаттың 29-ы қатысып, бұл 76,3 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімінің орынбасарлары, БАҚ қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі. Онлайн көрсетілімге сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессияда мына мәселелер қаралды:

1. Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.

2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясының төрағасы туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.