Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылы 17 қарашада Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы өткізілді

Сессия жұмысына онлайн тәртібінде аудан әкімінің орынбасары Р. Сейтқанов және қаржы салалары бөлімі басшыларының қатысуымен 13 депутат қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1) Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 38/2-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттер мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Глубокое аудандық мәслихатының кезекті елу үшінші сессиясының төрағасы туралы.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Н. Литвиненко 2020 жылға арналған ауылдық округтер мен кенттер әкімдері бюджеттерінің параметрлерін нақтылау үшін аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, қалыптасқан қаражат үнемдеуін қайта бөлу, бюджеттердің кіріс бөлігін түзету негіз болғанын баяндады.

Онда тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалар мәселелерін шешу бойынша қаражатты ұлғайтуға баса назар аударылған.

Депутаттар талқылап болған соң шешімдер бірауыздан қабылданды.